Аты-жөні: ______________ Сыныбы: 5 Менің сынып жетекшім: ______________ Менің психологым: Қусаинова М.К МЕНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМ: 1-деңгей – Сенімді: Мен 5 сыныптас баламның атын жаттадым. Жапсырма: Сенімді бейджі 2-деңгей – Көмекші: Мен 3 пән мұғалімінің атын және кабинетін таптым. Жапсырма: Көмекші 3-деңгей – Зерттеуші: Мен мектеп кітапханасынан 1 кітап алдым. Жапсырма: Зерттеуші 4-деңгей – Ұйымшыл: Мен үзілісте сыныптасыммен бірге ойнадым. Жапсырма: Ұйымшыл 5-деңгей – Достық: Мен жанжалда татуласуды үйрендім. Жапсырма: Достық 6-деңгей – Тапқыр: Мен 1 қиын тапсырманы өзім шештім. Жапсырма: Тапқыр 7-деңгей – Қамқор: Мен көңіл-күйім нашар кезде «Тыныштық бұрышына» бардым. Жапсырма: Қамқор 8-деңгей – Жауапты: Мен күнделігімді өзім толтырдым. Жапсырма: Жауапты 9-деңгей – Шыдамды: Мен сабақта қол көтеріп жауап бердім. Жапсырма: Шыдамды 10-деңгей – Мен есейдім!: Мен 5-сыныпқа толық бейімделдім! Жапсырма: Алтын жұлдыз + сертификат

Орта буынға саяхат Квест 5-сынып Ережесі: Команда: Әр командаға маршрут парағы беріледі. Бекеттер: Барлығы 6 бекет бар. Бекеттерді кез келген ретпен өтуге болады. Тапсырма: Әр бекетте QR-ды сканерлейсің, тапсырманы оқисың, орындайсың. Белгі: Тапсырманы дұрыс орындасаң — бекет жетекшісі парағыңа мөр / жұлдызша басады. Уақыт: Әр бекетке — 5 минут. Жүгіруге болмайды, коридорда тыныш жүреміз. Тәртіп: Бір-бірімізді тыңдаймыз, заттарды бүлдірмейміз, мұғалімді сыйлаймыз. Жеңіс: Барлық 6 бекетті бірінші болып, дұрыс орындап өткен команда — жеңімпаз! Бастайық? Сәттілік! 🚀 1 МИНУТТЫҚ ВИДЕОБЛОГ ЕРЕЖЕСІ: Тақырыбы: «Мен бүгін орта буында не үйрендім?» 1. Не істейміз?1 оқушы, 1 видео, барлығы 60 секунд. Өз күнің туралы айтасың: не қиын болды, не жеңдің. 2. Құрылымы міндетті, 3 бөлім: Сәлемдесу - 5 сек: Атың, сыныбың. 1 қиындық - 10 сек: Бүгін не қиын болды? 1 жеңіс - 20 сек: Нені өзің шығардың, нені түсіндің? Кеңес - 15 сек: Сыныптасыңа 1 пайдалы кеңес. Қоштасу - 10 сек: Сұрақ қойып, видеоны аяқта. 4. Түсіру ережесі:Телефонды тік ұстап, жарық жерде түсір. Дауысың анық, асықпай сөйле. Қағаздан оқыма. 1 минуттық видеоблог 1 минуттық видеоблог Қадырбек Нұрай Сейсекин Глеб

«Мен есейдім!» (5-сыныпқа бейімделу) Оқушылармен өткізілген іс-шара https://www.instagram.com/reel/DeyhRL_NF5U/?exln=MW9kMWhtYmRydjZi «Мен есейдім!» (5-сыныпқа бейімделу) Ата-анамен өткізілген іс-шара https://www.instagram.com/reel/De3EhECIDX9/?obrf=MTNvcmVzbWJhcXcyaQ==

Орта буынға саяхат квест ойыны (pdf io)

@publisher-ufnm

Педагог- психолог: Кусаинова М.К