Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Тифлоақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Орал - 2026

УДК 016: 908 ББК 91.1 Б28 2027 жылы тифлология бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі. – [Мәтін]: ұсыныстық-библиографиялық құрал / Құраст.: Г.Б.Саменова; ред.: М.К.Айткалиева; БҚОЗНКАААК.- Орал, 2026.

Құрастырушыдан Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы әр жыл сайын «Тифлология бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі» ұсыныстық-библиографиялық құрал шығарып келеді. Құрал тифлология бойынша маңызды оқиғалар, ҚР-ның зағип қайраткерлері, ақын-жазушыларының мерейтойлық күндері туралы ақпараттармен қамтылған. «2027 жылы тифлология бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер» құралы «Қысқаша анықтамалықтар», «Әдебиеттер тізімі» және «Есімдердің алфавиттік көрсеткіштері» бөлімдерінен тұрады. Аталып өтілетін күндердің анықталуы және дәлділігі БҚОЗНКААК-ның анықтамалық-библиографиялық аппараты және ғаламтор беттеріндеріндегі материалдарға негізделген. Құрал мақсаты - көру мүмкіндігі шектелсе де, қоғамнан өз орнын таба білген зағип жандардың шығармашылықтарын насихаттауда кітапханашыларға ақпараттық қолдау болып табылады. Басылымға қатысты пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауларыңызға болады: Орал қаласы, Солтүстік-Шығыс шағын ауданы 2, 2 үй. Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы E-mail: obnsg@mail.kz 3

ҚАҢТАР 4 қаңтар – Бүкіләлемдік Брайль әліппесі күні 16 қаңтар - «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Құрметті мүшесі Александр Александрович Максаковтың туғанына 80 жыл АҚПАН 6 ақпан - ақын Лидия Федоровна Пенинаның туғанына 75 жыл 14 ақпан - ақын Николай Александрович Рыбалконың туғанына 105 жыл 16 ақпан - жазушы, ақын Зейнолла Әнапияұлы Шүкіровтің туғанына 100 жыл 17 ақпан – орыс жазушысы, тифлопедагог Федор Иосифович Шоевтың туғанына 125 жыл 25 ақпан - ақын Мариям Рузахуновна Иминованың туғанына 75 жыл 29 ақпан - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиевтің туғанына 75 жыл НАУРЫЗ 4 наурыз - «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 90 жыл 18 наурыз - ақын Дмитрий Евдокимович Рябуханың туғанына 105 жыл МАМЫР 1 мамыр - композитор Ахмет Нұрғазыұлы Нұрғазиннің туғанына 90 жыл 14 мамыр – тарихшы, дәрігер, орыс тифлопедагогикасының негізін қалаушы Александр Ильич Скребицкийдің туғанына 200 жыл 4

МАУСЫМ 4 маусым - ақын, журналист, аудармашы Роза Захаровна Ахтямованың туғанына 80 жыл ШІЛДЕ 30 шілде - белгілі француз тифлопедагогы Морис де Ла Сизеранның туғанына 170 жыл ҚАЗАН 1 қазан - Дүниежүзілік қарттар күні. 4 қазан - Қазақстан Республикасындағы мүгедектер күні Қазан айының екінші жексенбісі 15 қазан - Халықаралық Ақ таяқ күні ҚАРАША 13 қараша - Халықаралық зағиптар күні /Француз тифлопедагогы, зағиптарға арналған мектептің негізін қалаушылардың бірі Валентин Гаюидің құрметіне/ ЖЕЛТОҚСАН 3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні 7 желтоқсан - ақын Владимир Венедиктович Ивановскийдің туғанына 90 жыл 5

4-қаңтар БҮКІЛӘЛЕМДІК БРАЙЛЬ ӘЛІППЕСІ КҮНІ 2018 жылғы 19 желтоқсанда Біріккен Ұлттар ұйымы 4 қаңтарды Бүкіләлемдік Брайль әліпбиі (алфавиті) күні деп жариялады. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер - мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес Брайль әліпбиі зағиптардың қарым-қатынас құралы болып табылатынын және оларға білім беруде, ақпаратқа қол жеткізуде және пікір білдіру бостандығы құқықтарын іске асыруда маңызды рөл атқаратынын еске салды. Ал, зағиптарға арналған әліпби авторы - француз тифлопедагогы Луи Брайль. Зағип және нашар көретін адамдарға арналған нүктелі-бедерлі қаріпті ойлап тапқан Луи Брайльдің есімі- әлемдегі миллиондаған жанарынан айырылған жандар жанына жақын тұтқан ардақты есім. Ол 1809 жылы 4 қаңтарда Францияның Кувре қаласында етікші отбасында дүниеге келген. Үш жасында әкесінің жанында шеберханада жүріп, абайсызда көзін жарақаттап алады. Бес жасында баланың көзі мүлдем көрмей қалады. Луи алфавитті жергілікті мектепте таяқшалардың, әкесінің тақтайшаға шегелерді қағып беруі арқылы үйренді. 10 жасында Луиды әкесі зағип балаларға арналған Париж мемлекеттік институтына (мектеп) оқуға береді. Мұнда сабақтарды оқыту үшін бедерлі-сызықты қаріппен басылған кітаптар ұсынылды. Бірақ мұндай кітаптар аз және көптеген пәндер бойынша оқулықтар жетіспейтін еді. Бір жағынан мбұл қаріптер үйренуге ыңғайсыз еді. Сондықтан мұндағы оқыту әдістемесі ақпаратты есту арқылы қабылдауға негізделген болатын. Луи ең қабілетті оқушылардың бірі болып, пианино мен органда ойнауды үйренді. 1828 жылы Луи оқуды бітіріп, кіші мұғалім-репетитор болып жұмыс істеуге ұсыныс та алды. Ең бастысы – ол 1824 жылы (15 жаста) зағип және нашар көретіндерге арналған алты нүктеге негізделген бедерлі-нүктелі қаріпті құрастырды. Оның құрметіне бұл қаріп – «Брайль қарпі» деп аталды. Брайль көп жылдар бойы осы қаріпті жасаумен жұмыстанып, 1829 жылы институт кеңесінің қарауына қаріптің бастапқы нұсқасын ұсынды. Институт кеңесі қаріпті көретін 6

мұғалімдер үшін ыңғайсыз деп тапты. Тек 1837 жылы зағип және нашар көретін адамдардың талабы бойынша институт кеңесі қаріпті қайта қарады. Луи Брайль талантты музыкант еді. Сол қабілетінің арқасында ол зағип және нашар көретін адамдарға музыка пәнінен сабақ та берді. Ол ноталарды да өзі ойлап тапқан қаріптің негізінде құрастырды. Брайль жүйесі бойынша басылған алғашқы кітап «Францияның тарихы» (1837 ж.) болатын. Луи Брайль 1852 жылы 6 қаңтарда Парижде қайтыс болып, туған қаласы Кувреде жерленді. Ал, Луидің балалық шағы өткен үй музей боп ашылып, Брайльдің құрметіне музей орналасқан көше оның есімімен аталған. Әдебиеттер: Әйгілі тифлологтар [Брайль қарпі]: Құраст. Ұ. Қалтаева.- Шымкент, 2005. Луи Брайль [Мәтін]: өмірдерек // Кітапхана – мейірімділік әлемі БҚОАҚ-ның құрылғанына 50 жыл толуына арналған жинақ.- Орал: ШұғылаПринт баспасы, 2019.- 11 б. Луи Брайль [Электрондық ресурс]: өмірдерек // Кітапхана – мейірімділік әлемі БҚОАҚ-ның құрылғанына 50 жыл толуына арналған жинақ / оқитын К. Айтбаев.- Электрон. Дыбыс. Мағлұмат.- Орал: БҚОАААК, 2019.- 1 электрон. Опт. Диск (МР3) (2 СD)(03 сағ. 20 мин.). дыбыс.- Орал: ШұғылаПринт баспасы, 2019 басылымынан. Луи Брайль [Мәтін] // Валентин Гаюи. Луи Брайль. Морис де Ла Сизеран.- Орал, БҚОАК, 2005.- 5 б. Француз тифлопедагогы Луи Брайль туралы [Мәтін] // Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаға – 40 жыл.- Алматы, 2011.- Б.45.-52. https://youtu.be/pdwhugKc4pY?si=VCY4HIumkalxXeDz 7 Сканерле де, бейнеақпаратты тамашала

16-қаңтар АЛЕКСАНДР АЛЕКСАНДРОВИЧ МАКСАКОВ (туғанына 80 жыл) 1947 жылы 16 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келді. Мектепті аяқтағаннан кейін 1965 жылы А.Пушкин атындағы пединститутқа тарих факульте-тіне оқуға түседі. Кейін «ҚЗҚ» Орал оқу өндірістік кәсіпорнында парторг қызметін атқарды. 1968 жылдан 1989 жылға дейін спорт нұсқаушысы қызметін, кейін Батыс Қазақстан облыстық «ҚЗҚ» басқармасында нұсқаушы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар А. Максаков республикалық жеңіл атлетиктер құрамасының мүшесі. 1968 жылы жеңіл атлетикадан республиканың бірінші чемпион атанды. 1983 жылы Николай Озеровтың қолы қойылған «Спартак» ДСБ Орталық Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. ҚЗҚ-ы жүйесіне сіңірген еңбегі үшін Құрмет грамотасының және «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 20 жыл» медаліне ие болды. 2000-2016 жж.- «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарды. «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Құрметті азаматы /2006/. Әдебиеттер: Қалауқызы, Р. Қайсар жандар [Мәтін]/ Р. Қалауқызы // Жайық ардагері.- 2005.- 24 қараша.- Б. 5. 2012 жылы тифлолгия бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі[Мәтін]:анықтамалық-ұсыныстық құрал /Құраст.У.Убишева, Г.Саменова.- Орал: БҚОЗНКАААК, 2012.- 35 б.- Мазмұнынан: Александр Александрович Максаков.- 7 б. 8

6 ақпан ЛИДИЯ ФЕДОРОВНА ПЕНИНА (туғанына 75 жыл) 1952 жылы 6 ақпанда Алматы облысы Баканас қаласында дүниеге келген. Ұзаққа созылған сырқатынан көз жанарынан айырылған. 1962 жылы Алматы қаласына отбасымен көшіп келіп Алматы қаласының арнаулы мектеп-интернатында оқиды. Өлең жазу қабілеті мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ басталды. Көру қабілетінен мүлде айрылғаннан кейін өлең жазу оның өмірінде зор рөлге ие болды. 8 сыныпты бітірген соң ҚСҚ –ның (Қазақ соқырлар қоғамы) оқу-өндірістік кәсіпорнында жұмыс жасап, оқуын сырттай жалғастырады. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқу түседі, бірақ отбасылық жағдайға байланысты бұл оқу орнын бітіре алмайды. Ақын өлеңдерінде тақырыптары сан алуан: табиғатқа деген құрмет, өзіндік ерекше сырласу бағытында жырланады. Балаларға арналған өлеңдері де көп. Сонымен қатар ол көз мүгедектігі бар жандар туралы жазылған еңбектердің авторы. Л.Ф.Пенина 2019 жылы 13 мамырда дүниеден озды. Әдебиеттер: Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің зағип қайраткерлері: Библиографиялық көрсеткіш. Бас.2.- Алматы: Санат.- 1998.- 93 б.- Мазмұнынан: Л.Пенина.- Б.68- 72. 2012 жылы тифлология бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі[Мәтін]:анықтамалық-ұсыныстық құрал /Құраст.У.Убишева, Г.Саменова.- Орал: БҚОЗНКАААК, 2012.- 35 б.- Мазмұнынан: Лидия Пенина. – 9 б. 14 ақпан НИКОЛАЙ НИКОЛАЕВИЧ РЫБАЛКО (туғанына 105 жыл) Ұлы Отан соғысына қатысқан Рыбалко Николай Александрович 1922 жылы 14 ақпанда Васильевка ауылының, қазіргі Артемов ауданының Донецк облысында шаруалар жанұясында дүниеге келген. 1941-1945 жылдар аралығында Николай Рыбалко майданда азат етушілердің қатарында болып, талай ауыр ұрыстардың ортасында жүрді. Сол ауыр ұрыстарда бірнеше рет жарақаттанады. 1945 жылдың ақпанында Одер өзеннің маңындағы ұрыста жараланып, көз жанарынан айырылды. 9

50-жылдардың басында Николай Рыбалконың өлеңдері облыстық және республикалық баспаларда, «Сила молодая», «Литературная газета» беттерінде альманах түрінде басылды. 1956 жылы ақынның «Под солнцем Родины» атты жыр жинағы жарық көрді. Ақын «Қызыл Жұлдыз», «Екінші дәрежелі Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Әдебиеттер: Естелік жолымен: әдістеме-библиографиялық құрал.- Орал.- 2005.- 36 б.- Мазмұнынан: Н. Рыбалко.- Б .20- 22. 2012 жылы тифлолгия бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі[Мәтін]:анықтамалық-ұсыныстық құрал /Құраст.У.Убишева, Г.Саменова.- Орал: БҚОЗНКАААК, 2012.- 35 б.- Мазмұнынан: Николай Рыбалко.. – 11 б. 16 ақпан ЗЕЙНОЛЛА ӘНАПИЯҰЛЫ ШҮКІРОВ (туғанына 100 жыл) Зейнолла Шүкіров 1927 жылдың 16 ақпанында Қызылорда облысы, Арал ауданының Бөген ауылында дүниеге келген. Бастауыш мектеп көлемінде ғана білім алған. Науқастығына қарамастан, өз бетінше білім алып, жазушылықпен, ақындықпен айналысқан. 1951 жылы алғаш рет «Пионер» журналында «Негр баласы» атты өлеңі жарық көрді. Алғашқы «Менің достарым» жинағы 1955 жылы шықты. Кейін өмір сырын, адамгершілікті адал махаббатпен шынайы сезімді суреттейтін 1960 жылы «Теңіз жыры», 1962 жылы «Арал дәптері», 1970-1974 жылдар аралығында «Адам-Жер-Ана» атты өлең кітаптары жарыққа шықты. Оның шығармалары шет ел халықтары тілдеріне де аударылған. Қазақтың ұлы композиторы, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы» әнінің сөзін жазған автор. Зейнолла Әнапияұлы Шүкіров ұлттық әдебиетіміздің қорына бағалы да мол мұра, өмірде өшпес із қалдырған халқымыздың төл перзенті, асыл азаматы. Ол 1977 жылы өмірден озды. Әдебиеттер: Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің зағип қайраткерлері: Библиографиялық көрсеткіш. Бас.2.- Алматы: Санат.- 1998.- 93 б.- Мазмұнынан: З. Шүкіров.- Б.40- 42. https://www.instagram.com/bko_arnauly_kitapkhana 10 Сканерле де, бейнеақпаратты тамашала

17 ақпан ФЕДОР ИОСИФОВИЧ ШОЕВ (туғанына 125 жыл) 1902 жылы 17 ақпанда Смоленщинде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінен көзі көрмеді. Сондықтан Смоленскідегі зағип балаларға арналған мектепте оқиды. Бірінші Азаматтық соғыс кезінде газет сатумен айналысып, әскери оркестрда музыкант болып та жұмыс жасайды. 1924 жылы мектепті бітірген соң, Мәскеудегі ММУ бітіреді, кейін МЕҰЕЖЭОҒЗИ-ның (Мүгедектрдің еңбегін ұйымдастыру және еңбекке жарамдылық экспертизасы Орталық ғылыми зерттеу институты)аспирантурасын тәмамдайды. Федор Иосифович «Жизнь слепых» (қазіргі «Наша жизнь»), «Советский школьник» (қазіргі «Школьный вестник») журналдарының алғашқы редакторы. 1962 жылы ол ССР-дың Журналистер Одағына қабылданады. 40 жыл бойы ол басылымдарда жазушы, публицист, журналист, тифлопедагогика мен тифлопсихология бойынша көптеген басылымдардың авторы ретінде танылды. Ол егде жаста зағип боп қалған ересек оқырмандарды нүктелі-бедерлі қаріпті үйрететін жинақ пен әліппе шығаруға атсалысқан. Ол құралдар кейін қайта басылып шықты. Ф.И.Шоев Брайль жүйесі бойынша үйірмелерде дәріс беріп, семинарларда лекция оқып, Бүкілресейлік зағиптар қоғамында кадрлар біліктілігін көтеруде курстар өткізген. Ол 1965 жылы 23 қазанда Мәскеу қаласында өмірден өтті. Ақпарат көздері: http://www.brsbs.ru https://search.rsl.ru 11

25 ақпан МАРИЯМ РУЗАХУНОВНА ИМИНОВА (туғанына 75 жыл) Иминова Мариям Рузахунқызы 1952 жылы дүние келді. Алматы қаласындағы Островский атындағы арнаулы мектепті бітірген. Еңбек жолын Қазақ соқырлар қоғамында бастап, кейін кітапхана пунктінің меңгерушісі боп, сондай-ақ, Алматы қаласының облыстық басқармасында қызмет атқарды. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы республикалық кітапханада қызмет етті. Қазақ соқырлар қоғамының өміріне белсене араласумен отырумен қатар, көру қабілетінен айырылған жандарға Брайль жүйесінде меңгеруді үйретті. Мүгедектер арасында оңалту жұмыстарын жүргізді. Оның «Три талисмана», «Выбирая жизнь» атты жинақтары жарыққа шықты. Қазіргі уақытта «Жылы ұя» республикалық оңалту орталығында реабилитолог болып жұмыс жасай отырып, көру қабілетін жоғалтқан адамдарға көмектесуді жалғастыруда. Психологиялық, әлеуметтік бейімделу, еңбекті оңалту және кәсіптік бағдарлау, ұйымдармен және мекемелермен ынтымақтастық бағытында жұмыстанып отырған білікті маман. Әдебиеттер: 2012 жылы тифлология бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі[Мәтін]:анықтамалық-ұсыныстық құрал /Құраст.У.Убишева, Г.Саменова.- Орал: БҚОЗНКАААК, 2012.- 35 б.- Мазмұнынан: Мариям Иминова. – 13 б. https://www.instagram.com/bko_arnauly_kitapkhana 12 Сканерле де, бейнеақпаратты тамашала

29 ақпан ХАТИМОЛЛА ЖӘҢГІРҰЛЫ БЕРДІҒАЛИЕВ (туғанына 75 жыл) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Орал қаласының құрметті азаматы, әнші, термеш Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев 1952 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданы Қарашеген ауылында дүниеге келді. Әкесі Жәңгір ерте дүние салып, атасы Бердіғалидің тәрбиесінде өседі. 1969 жылы Казталовка ауданындағы Алма Оразбаева атындағы орта мектепті бітіріп, Орал музыкалық училищесіне оқуға түседі. 1975 жылы оны Анна Федоровна Муравьева класы бойынша бітіріп шығады. Алғашқы еңбек жолын Казталовка ауданындағы мектепте музыка пәнінен сабақ беру ден бастаған Хатимолла Жәңгірұлы кейін мәдениет саласына ауысады. 1985 жылы алғаш рет аудандық ақындар айтысына қатысады. Көп ұзамай өнерімен халыққа танылған ол «облыс ақыны» атағына ие болады. 1985-1995 жылдар арасында айтыстарға қатысып, топ жарды. Х. Жәңгірұлы әншілік өнерді мақсат тұтып, Құрманғазы атындағы саз колледжінде Мұхит ән-класын ашып, осы салада ұстаздық қызмет, қазіргі Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармонияда қызмет етті (қазіргі уақытта да осы мекемеде қызметте). Мұхит атындағы І-ші әншілер байқауының жеңімпазы, Мәскеу қаласында өткен бүкілодақтық халық шаруашылық көрмесінің шеңберінде өткен үлкен өнер мерекесінің жүлдегері, «Мұхтар Әуезов және ұлы дала сазы» атты дәстүрлі музыка халықаралық фестивалінің лауреаты. Қызылорда қаласында өткен «Қорқыт және Дала саздары» атты Халықаралық фестивальдың жүлдегері, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталды. 2026 жылы дәстүрлі ән орындаудағы жаһандық рекордтық көрсеткішті жаңартқан рекордсмен. Бүгінде Қатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев жемісті еңбек етіп, сол өнердің өрелі жолында. 2007 жылы облыстық зағип көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана бастамашылығымен Х.Бердіғалиевтің «Ән мұра» әндер жинағы басылып шықты. Марапаттары:  Қазақ КСР Білім Министрлігінің Құрмет грамотасы (1982)  КСРО ХШЖК қола медалі (1986)  Қазақ КСР мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері (1989)  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Құрмет грамотасы (2001)  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2010)  «Парасат» ордені (2018)  «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Құрметті мүшесі (2018)  Орал қаласының Құрметті азаматы (2025) 13

Әдебиеттер: Ән мен жырдың құлагері [Брайль шрифті].- Орал: БҚОККНКАК., 2010.. Бердіғалиев, Х. Ән мұра [Ноталар] / Х. Бердіғалиев.- Орал: Полиграфсервис.- 2007. – Б. 95. Бердіғалиев, Х. Бабалар сазын самғата [Дыбыстандырылған] / Х. Бердіғалиев.- 1 мфк.- Ақтөбе,2002. Жолымбетова, Ә. Жасай бер, ерікті елім- Қазақстан [Мәтін]/ Ә. Жолымбетова // Жайық үні.- 2010.- 16 желтоқсан. (Х.Бердіғалиевті марапаттау) Қажымов, Д. Сағыныш саздары [Мәтін]: Әндердің ноталары мен мәтіндері / Д. Қажымов.- Алматы: Өлке, 2002.- Б.112.- Мазмұнынан: Х. Бердіғалиев.- Б. 21- 22. Казталов ауданы [Мәтін]: Шежіре.- Алматы: Арыс, 2008.- Б. 192.- Мазмұнынан: Х. Бердіғалиев.- 62 б. Маемиров, А. Қазақтың Хатимолласы [Мәтін]: Көркем-әдеби туынды.- Орал: Постмэн, 2002.- 114 б. Табиғи талант [Брайль шрифті].- Орал: БҚОККНКАК., 2007. 4 наурыз «ҚАЗАҚ ЗАҒИПТАР ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ (құрылғанына 90 жыл) «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ-і көз жанары бойыша I, ІІ топ мүгедектерінің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, оларды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту, қажетті мәдени-тұрмыстық жағдай жасау және жалпы білім беру деңгейін арттыруға ықпал ету мақсатында қоғамдық мекеме ретінде 1937 жылы құрылды. Алғашында Қазақ соқырлар қоғамы деп аталған бұл мекеменің тұңғыш төрағасы боп өзі де көз мүгедегі болған Зекен Бисекұлы Бисеков сайланды. Бұл жылдардың барлық кезеңдерінде Қазақ зағиптар қоғамының саясаты осы міндеттерді шешуге бағыталды. Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өңдірістік кәсіпорындары өз қызметтерінен жыл сайын айтарлықтай табыс тауып, оны тиімді пайдалана білді. Қазақ зағиптар қоғамы мемлекеттік қаржылық қолдауына арқа сүйемей-ақ, жаңа оқу-өндірістік кәсіпорындарын ашты. Ауылдық жерлерде филиалдарын жасақтады. Көз жанары бойынша мүгедектерге арнап тұрғын үйлер, жатақханалар, клубтар, мектептер, кітапханалар, демалыс орындарын салды.Оқу-өндірістік кәсіпорындары тек өнім өндірумен шектеліп қалмай, түрлі сала бойынша ұйымдастырушыларды, оңалтушыларды және басқа да мамандық иелерін даярлауды қолға алды. Экономикалық реформаның ауыр кезеңдерінде, мемлекетіміздегі дағдарыстан туындаған ауыртпалықтарға қарамастан «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі бар қиындықтарға төтеп бере білді. Өзінің мүліктік меншігін, ұйымдарын, шаруашылық серіктестерін сақтап қалды. Осындай істердің нәтижесінде «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі қазіргі уақытта көз жанары бойынша мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттің саясатына ықпал ететін, зағип мүгедектерді әлеуметтік- еңбек жағынан оңалту жүйесіндегі маңызды құрылым болып отыр. Қазіргі уақыттағы жетекшісі - Алмат Сәбитжанұлы Наурызбаев. 14

Әдебиеттер: Әубәкіров, Б. Қазақ зағиптар қоғамына 70 жыл [Дыбыстандырылған]/ Оқыған: М. Әшіров.- 2 мфк.- 4, 76 сек.- 2 жол.- Астана: Арай, 2007. Әубәкіров, Б. Қазақ зағиптар қоғамына 70 жыл [Мәтін] : Қалыптасуы және даму жолдары / Б. Әубәкіров.- Алматы: Арай, 2007.- 272 б. Хасанаев, М. Жасампаздық жолымен [Мәтін]: Қазақ соқырлар қоғамы 50 жылда / М. Хасанаев.- Алматы, 1987.- 70 б. 18 наурыз ДМИТРИЙ ЕВДОКИМОВИЧ РЯБУХА (туғанына 105 жыл) 1922 жылы Семей облысы, Көкпек ауданы Преображенка аулында дүниеге келді. 1939 жылы мектеп бітірген соң Семей қаласында жылдық педагогикалық курсын бітіріп, орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып Семей, Алматы облыстарында жұмыс істеді. 1952 жылы журналист қызметіне ауысты. «Қазақстан мұғалімі» республикалық газетінде, «Простор» журналдарында, «Жазушы» баспасында редактор жұмысын атқарды. Көз жанарынан айырылған соң зейнет демалысына шығып, шығармашылығымен айналысты. Дмитрий Рябуха орыс тіліне Асқар Тоқмағамбетовтың, Мариям Хакімжанованың, Сырбай Мәуленовтың және т.б. шығармаларын аударды. Ақын «Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол 1973 жылы дүниеден озды. Ақпарат көздері: https://ru.wikipedia.org http://pavelskaz.ru 15

1 мамыр АХМЕТ НҰРҒАЗЫҰЛЫ НҰРҒАЗИН (туғанына 90 жыл) 1937 жылы 1 мамыр Семей облысы, Аягөз станциясында шаруа отбасында дүниеге келді. 1955 жылы Үшарал (Талдықорған облысы) ауылындағы орта мектепті бітірді. 1968 жылы жұмыста болған авариядан соң көз жанарынан айырылады. 1977 жылы Қазақ соқырлар қоғамының Алакөл бастауыш ұйымының бастығы болып сайланды. 1983 жылдан бастап Талдықорған облыстық басқармасының төрағасы қызметін атқарды. А. Нұрғазиннің өміріндегі сүйікті ісі - ән айту, ән шығару еді. Домбыраға қосылып ән орындағаны үшін аудандық, облыстық, республикалық байқауларда бірнеше дүркін жүлделі орындарға ие болып, жақсы бағаға ие болды. Ол әуесқой композитор ретінде де белгілі. 1972 жылы «Еңбек таңы» журналының музыкалық шығармаларға жарияланған конкурсында «Комсомолдар маршы» әні үшін А. Нұрғазинге үшінші орын берілді. Қазақ радиосының алтын қорында әуесқой композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жүрек әні» атты радиоочерк сақтаулы. А. Нұрғазиннің «Тоқымашы қарындас», «Ақ маңдай», «Алма терген», «Ләйлә қыз», «Арман-ай» сияқты әндерін Р. Мұсабаев, З. Қойшыбаева, Л.Төлешова сияқты белгілі әншілер орындаған. Еңбектегі және қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері үшін Қазақ соқырлар қоғамы Орталық басқармасының грамотасымен марапатталған. Әдебиеттер: Уақыт тынысы [Мәтін/ : әндер жинағы.- Алматы: ҚСҚ.- 1981.- 55 б.- Мазмұнынан: А. Нұрғазин. «Ұлы Жеңіс» - Б.6- 8. Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің зағип қайраткерлері: библиографиялық көрсеткіш. Бас.1. – Алматы, 1998.- Б. 104.- Мазмұнынан: А. Нұрғазин.- Б. 72- 74. 2012 жылы тифлология бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі[Мәтін]:анықтамалық-ұсыныстық құрал /Құраст.У.Убишева, Г.Саменова.- Орал: БҚОЗНКАААК, 2012.- 35 б.- Мазмұнынан: Ахмет Нұрғазин. – 15 б. 16

14 мамыр АЛЕКСАНДР ИЛЬИЧ СКРЕБИЦКИЙ (туғанына 200 жыл) Александр Ильич Скребицкий 1827 жылы 14 мамырда Белосток қаласында дүниеге келген. Сол қаладағы гиназияда оқиды. 1853 жылы Дерптск университетнің медициналық факультетіне оқуға түсіп, оны 1859 жылы аяқтап шығады. Кейін неміс клиникаларында көз аурулары туралы зерттеулерін жүргізеді. Александр Ильич Санкт-Петербург қаласында көз емдейтін емхана ашады. Офтальмология саласын зерттей жүріп, Ресейдегі адамдардың соқыр боп қалу мәселесінің қаншалықты деңгейде екендігін және себебін зерттеді. Өзінің кеңейтілген және жүйелі түрде жүргізілген зерттеулеріне сүйене отырып, ол Европа бойынша соқырлық кездедесетін жайттар Ресейде көп екенін дәлелдеді. А.И. Скребицкий бұл туралы зерттеу материалдарын жариялады. 1882 жылы ол «Русский унциал А. И. Скребицкого» атты бедерлі- сызықтық орыс қарпін ойлап тапты. Кәдімгі әріптерді бедерлі түрде оқуға болатын бұл қаріп арқылы ол К.Д.Ушинскийдің «Детский мир» кітабын басып шығарды. Бірақ болашақта унциал емес, алты нүктеге негізделген Луи Брайль әліпбиі қолданысқа енетінін білген ол сол кезде Брайль жүйесін бойынша жұмыстанып жатқан М.В. Трумберг пен А.А.Адлерге қолдау көрсетті. А.И. Скребицкийдің еңбектері мен идеялары тифлопедагогиканың дамуына зор үлес қосты. Ол өзінің еңбектерін Румянцев мұражайына тапсырған. Қазіргі таңда оның қолжазбалары Мәскеудегі Ресей мемлекеттік кітапханасында және Санкт-Петербургтегі Пушкин үйінде сақталған. Әдебиеттер: Кітапхана - мейірімділік әлемі/ Путь доброй библиотеки:БҚОАК-ның құрылғанына 50 жыл толуына арналған жинақ. – Орал:ШұғылаПринт баспасы,2019.- 186 б.- Мазмұнынан: Александр Скребицкий.- 85 б. https://ru.wikipedia.org http://museum.pskovlib.ru 17

4 маусым РОЗА ЗАХАРОВНА АХТЯМОВА (туғанына 80 жыл) Белгілі ақын, журналист Роза (Рауза) Ахтямова 1947 жылы 4 маусым Свердловск облысының Ревда қаласында дүниеге келді. Бала кезінен көз жанарынан айырылады. 1967 жылы әнге бейімділігі бар зағип балаларға арналған Саратов мектебін бітіреді. 1968-1973 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдайды. Рогожникова Роза Павловна жетекшілік ететін Ленинград институтының тіл білімі аспирантурасын аяқтайды. 1973 жылы универсиететті бітірген соңы 10 жыл бойы Алматыдағы зағип және нашар көретін балаларға арналған арнаулы мектепте қызмет атқарады. Кейін қалалық соқырлар қоғамының төрайымы боп сайланады. Сонымен қатар архитектура институтында орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмыс жасайды. Ол А.И.Герценнің шығармашылығын зерттеу бойынша ғылыми жұмыстардың авторы. Сөз шебері, көптеген мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар, проза, өлең жинақтары, аудармалардың авторы. Ресей Жазушылар Одағының мүшесі. Роза Ахтямованың тілдерді меңгеруге деген құштарлығы балалық кезінен бастау алды. Әдебиетпен және аудармалармен айналысуды мектеп кезінен бастайды. Орыс, қазақ, неміс, армян, түрік тілдерін жетік меңгеріп, осы тілдердегі авторлардың шығармашылықтарына аударма жасаған. 1993 жылы аудармалардан тұратын «Сотвори добро» жинағы жарық көрді. Ахтямова көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған «Школьный вестник», «Наша жизнь» редакцияларымен тығыз байланыста жұмыс істеді. 994 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі атанды. Ол 2021 жылы 20 шілдеде дүниеден озды. Әдебиеттер: Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің зағип қайраткерлері: Библиографиялық көрсеткіш. Бас.2.- Алматы: Санат.- 1998.- 93 б.- Мазмұнынан: Р. Ахтямова.- Б.9- 16. Кітапхана - мейірімділік әлемі/ Путь доброй библиотеки:БҚОАК-ның құрылғанына 50 жыл толуына арналған жинақ. – Орал:ШұғылаПринт баспасы,2019.- 186 б.- Мазмұнынан: Роза Ахтямова .- 85 б. 18

30 шілде МОРИС де Ла СИЗЕРАН (туғанына 170 жыл) Морис де ла Сизеран 1857 жылы 30 шілдеде Тейнде, Рона өзенінің сол жағалауындағы Ла- Дромдағы кішкентай ауылда суретші отбасында дүниеге келді. Ол тоғыз жасынан көз жанарынан айырылады. Зағип балаларға арналған Париж институтында білім алып, сонда музыка оқытушысы болып қабылданады. Зағиптар өмірінің жағдайын талдай отырып, Морис Сизеран өзінің күш–жігерін әлеуметтік, кәсіби, ағартушылық сұрақтарды тұтастықта шешуге жұмсайды. Ол мемлекет тарапынан қолдау таппаса да, қайырымдылық жасаушылардың назарын аудартып, оны зағиптардың рухани және материалдық қажеттілігін қанағаттандыруға жұмсады. 1883 жылы Парижде екі айлық журнал шығара бастайды. Бұл журналдар «Луи Брайль» және « Брайлевское обозрение» деп аталды. Сонымен қатар ол «Валентин Гаюи» журналын басып шығарушы және редактор. 1889 жылы Сизеран Валентин Гаюи атындағы Ассоцациясыны құрады, бұл мүшелік жарна қайырымдылыққа жұмсалады. Сөйтіп ол Парижде үш қабатты зағиптар үйін салғызды. Нүктелі-бедерлі қаріпте кітап басып шығару үшін Морис Сизеран Зағиптар үйінің жанынан баспахана ашты. Осындай ауқымды істер атқарған Франция қоғам қайраткері және тифлопедагог Сизеранның есімі тек зағиптар әлемінде ғана емес, бүкіл әлемге танылды. Әдебиет: Валентин Гаюи. Луи Брайль. Морис де Ла Сизеран [Мәтін]: әдістеме- библиографиялық құрал/ Құраст. М.К. Айтқалиева, У.Л.Убишева.- Орал: БҚОККНКАК, 2002.- 26 б.- Мазмұнынан: Морис де Ла Сизеран.- Б. 20- 25. 19

1 қазан ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының №45/106 қарары негізінде 1991 жылдан бері 1 қазан Ха- лықаралық қарттар күні деп жарияланды. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бертін келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Мұндай күнді өткізудің мақсаты- қоғамның назарын егде жастағы адамдар мәселелеріне аудару, жұртшылықты қоғамның демографиялық қартаю мәселесі, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғам дамуына қосатын үлесі, қарт адамдарға деген көзқарасты өзгерту қажеттігі, қарияларды тәуелділіктен арылту, олардың қоғамдық, экономикалық, мәдени және рухани өмірге араласуы, қажетті күтім, ішкі әлеуетін жүзеге асыруға және ар намысын сақтап тұруға мүмкіндік беру жөніндегі ақпараттандыру деңгейін көтеру болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес, қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді. Ақпарат көздері: http://www.astana.kz http://today.kz/kz 4 қазан ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҮГЕДЕКТЕР КҮНІ (Қазан айының екінші жексенбісі) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнін белгілеу туралы» 1993 жылғы 15 маусымдағы № 1224 жарлығына сәйкес қазан айының екінші жексенбісінде ҚР-да Мүгедектер күнін атап өту өтіледі. Мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам. Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі қолданылады: - әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түрінде мемлекеттік көмек және қолдау; 20

- өтемақы жоғалған ағза функцияларының, әлеуметтік оңалтуды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету жолымен және әлеуметтендіру деңгейін арттыру мақсатында, мүгедек адамдар жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтылады. Оңалтудың техникалық көмекші құралдардың тізбесі заманауи сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды қоса (есту қабілеті бұзылған адамдарға веб-камерасы бар ноутбук, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, көру қабілеті бұзылған адамдарға дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар және т.б.) 55 түрі бар атаудан тұрады. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің бір бағыты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, оның ішінде қарт адамдарға, мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі көрсетіледі , оған 8 қызмет түрі кіреді. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау және бейімдеу жолымен кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша белсенді шаралар қабылдануда және білім беруде жеңілдіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың проблемаларын ұлттық деңгейде тиімді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005 жылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесін құрылды. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге , қорғауға және дамытуға қосымша кепілдіктер жасады, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтық реттеу мен практикалық қызметті одан әрі жетілдіру үшін бағдар болды. Әдебиеттер: Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы [Дыбыстандарылған] / Оқыған: Н. Әлбосынов.- 1 мфк.: 4,76 см/ сек., 2 жол.- Шымкент:ОҚОККНАК.- 2005 . Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы [Мәтін]// Егемен Қазақстан.-2010.- 21 сәуір.- Б.7. https://www.gov.kz 21

15 қазан ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚ ТАЯҚ КҮНІ 15 қазан - бүкіл әлемде Халықаралық Ақ таяқ күні жарияланған. Бұл күн мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп, ниеттес болатын күн. Тек зағип адамдар ғана емес, көзі көретін жандар да таяқтың көмегіне сүйеніп, жүріс қозғалысын жеңілдеткен. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында-ақ Луи Брайль қамыстан жасалған таяқты қолданған. Сол жүз жылдықтық орта шамасында Хельсинки тұрғындары үнемі таяқ арқылы қала жолдарын үйреніп жүрген зағип кларнетист Карл Фридрих Воллеббені көретін. Алайда, Ақ таяқтың зағип адамның символы іспеттес, өз тарихының бастауын 1921 жылдан алады. Бристол қаласында (Ұлыбританияда) жас Джеймс Биггс атты кәсіпқой суретші өмір сүреді. Бақытсыз жағдайға ұшыраған ол көз жанарынан айырылып қалады. Бұл жағдайдан кейін оған жаңа өмір бастауға тура келеді. Сонан соң ол өздігінен таяқтың көмегі арқылы қала ішінде жүріп үйрене бастайды. Кейін ол қара таяқтың машина жүргізушілеріне де, жаяу жүргіншілерге әсер етпейтінін байқайды. Содан кейін ол таяғын ақ түске бояиды. Бұдан кейін таяқ көзге түсе бастайды. Бұл жаңалық тек Англиядағы зағиптарға ғана емес бүкіл әлемге таратылды. Әдебиет: 2012 жылы тифлология бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі[Мәтін]:анықтамалық-ұсыныстық құрал /Құраст.У.Убишева, Г.Саменова.- Орал: БҚОЗНКАААК, 2012.- 35 б.- Мазмұнынан: Ақ таяқ күні – 17 б. https://youtu.be/H1PsTxL_5PI?si=s12jg8AN8ZyTuqpC 22 Сканерле де, бейнеақпаратты тамашала

13 қараша ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҒИПТАР КҮНІ (француз тифлопедагогы, зағиптарға арналған мектептің негізін қалаушы Валентин Гаюидің құрметіне жарияланған) Валентин Гаюи 1785 жылы Сент-Жюст қаласында Францияның солтүстігінде, тігінші отбасында дүниеге келді. Валентин Гаюи бірінші болып зағиптар туралы ойын былай білдіреді: «егер зағип адамды сауаттылыққа үйретсе, зағип адам жетістік пен нәтижеге ойлы еңбегімен жетеді». Осы ойын іске асыру үшін ол бүкіл өмірін арнайды. «Святые камни» шіркеуінде кездескен зағип бала Франсуа Лезюер, кейін оның бірінші оқушысы болды. Ол баланы үйіне алып келіп, сауаттылыкққа оқытады. Алғашқы оқу орталығы көру қабілетінен айырылған балаларға арналған «Еңбекші зағип шеберханасы» болып аталынды. 1784 жыл әлемде Париж бірінші зағип балалар мектебі ашылды, кейін ол «зағип бала- лар институты» деп аталынды. Гаюи 1787 жылы тәжірибе ретінде Франция королі XVI Людовикке өзінің, 24 шәкіртінің жетістіктерін көрсетті. 1806-1817 жылдары Валентин Гаюи Петербургта тұрады. 1807 жылы Ресейде оның басшылығымен бірінші зағиптар институты ашылды. Сонымен қатар оқу орталықтары жанынан зағиптарға арналған баспахана және бедерлі сызықтық әдебиеттермен қамтамасыз етілген кітапхана ашылады. Валентин Гаюи 1822 жылы дүниеден озды. Париж зағиптарының колдауымен 1861 жылы оған арнап ескерткіш орнатылды. Ескерткіште оның және зағип баланың отырған көрінісі бейнеленген, оның оң қолы баланың басында, тізесіне қойылған ашылған кітаптан саусақпен оқып отырған зағип баланың алдындағы кітапта сызықтық–бедерлі қаріп түрінде «Валентин Гаюи»жазылған. Әдебиеттер: Валентин Гаюи. Луи Брайль. Морис де ла Сизеран [Мәтін]: әдістеме- библиографиялық құрал/ Құраст. М.К. Айтқалиева, У.Л.Убишева.- Орал: БКОККНКАК, 2002.- 26 б.- Мазмұнынан: Валентин Гаюи.- Б. 5-7. Кітапхана - мейірімділік әлемі/ Путь доброй библиотеки:БҚОАК-ның құрылғанына 50 жыл толуына арналған жинақ. – Орал:ШұғылаПринт баспасы,2019.- 186 б.- Мазмұнынан: Валентин Гаюи.- Б.83-84. https://youtu.be/-Lt-kB1-esQ 23 Сканерле де, бейнеақпаратты тамашала

3 желтоқсан ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТЕР КҮНІ 1992 жылы Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы 3 желтоқсанды - Халықаралық мүгедектер күні деп жариялады. Сөйтіп ұйымның 47-ші сессиясына шақырылған барлық мемлекет осы бір күнді жыл сайын атап өтуге келісті. Кейін Ассамблеяға мүше — мемлекеттерді бұл күнді атап өту үшін іс-шаралар өткізуге шақырды. Ондағы мақсаты - болашақта қоғам өміріне мүгедектігі бар адамдарды тарту еді. Мүгедектер күнін атап өту - мүгедектердің мәселелеріне, олардың ерекшеліктерін, құқықтары мен игілігін қорғауға, мүгедектердің саяси, әлеуметтік, экономикалық өмірге қатысуы, қоғамнан алатын орнына көпшіліктің назарын аударуға бағытталған. Ақпарат көздері: https://info-health.kz https://old.kaztrk.kz https://www.inform.kz 24

7 желтоқсан ВЛАДИМИР ВЕНЕДИКТОВИЧ ИВАНОВСКИЙ (туғанына 90 жыл) Ивановский Владимир Венедиктович 1937 жылы 7 желтоқсанда Красноярскіде дүниеге келді. Бала кезінен көз мүгедегі. 1949 жылдан бастап Н. Островский атындағы № 4 зағип және нашар көретін балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында оқиды. Мектепті тәмамдаған соң, 1959 жылдан бастап ҚСҚ оқу- өндірістік кәсіпорын мекемесінде еңбек ете бастады. № 2 оқу-өндірістік ҚСҚ-ның мекемесі клубында меңгеруші болып, Н.Островский атындағы Мәдениет үйінде көркем жетекшілік қызметтерді аса белсенділікпен атқарды. Ол Қазақ соқырлар қоғамының белсенділер қатарынан табылып, «Еңбек таңы-Заря труда» журналының редакциясында қызмет етті. Бос уақытында өлең жазумен айналысты. Оның шығармашылығы қайырымдылық, шынайылық және жан жылуы тақырыптарына бағытталған. Әдебиеттер: 2012 жылы тифлология бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі[Мәтін]:анықтамалық-ұсыныстық құрал /Құраст.У.Убишева, Г.Саменова.- Орал: БҚОЗНКАААК, 2012.- 35 б.- Мазмұнынан: Ивановский Владимир Венедиктович. – 18 б. 25

Есімдердің алфавиттік көрсеткіштері А Адлер А.......................................................................................................................17 Ахтямова Р. .............................................................................................................5, 18 Б Бейсеков Б....................................................................................................................14 Бердіғалиев Х...........................................................................................................4,13 Бигс Дж........................................................................................................................22 Брайль Л...........................................................................................4, 6, 7,11,17, 19, 22 В Воллеббе К...................................................................................................................22 Г Гаюи В...................................................................................................................5,9, 23 Герцен А......................................................................................................................18 И Иминова М...............................................................................................................4, 12 Ивановский В..........................................................................................................5, 25 Қ Қалдаяқов Ш................................................................................................................10 Қойшыбаева З..............................................................................................................16 Л Лезюер Ф......................................................................................................................23 М Максаков А................................................................................................................4,8 Мәуленов С..................................................................................................................14 Мұсабаев Р...................................................................................................................16 Мұхит...........................................................................................................................13 Муравьева А................................................................................................................13 26

Н Наурызбаев А..............................................................................................................14 Нұрғазин А...............................................................................................................4,16 О Островский Н........................................................................................................12, 24 П Пенина Л...................................................................................................................4, 9 Пушкин А................................................................................................................8, 17 Р Рогожникова Р............................................................................................................18 Рыбалко Н............................................................................................................4, 9, 10 Рябуха Д....................................................................................................................4,15 С Скребицкий А...........................................................................................................4,17 Сизеран М.................................................................................................................5,19 Т Тоқмағамбетов А.........................................................................................................14 Төлешова Л..................................................................................................................16 Трумберг М..................................................................................................................17 Х Хакімжанова М...........................................................................................................14 У Ушинский К.................................................................................................................17 Ш Шүкіров З..................................................................................................................4,10 Шоев Ф.....................................................................................................................4,11 27

Тифлокалендарь 2027 жыл