Аяз би комикс сжатый

Аспанда күн жарқырап тұр. Кең дала. Сарайдың қақпасы ашық. Ішінде Мадан хан уәзірлерімен жиналыс өткізуде.

Уәзірлер дала кезіп жүр, бірі тау бөктерінде, бірі шалғында, бірі өзен бойында іздейді. Жүні аз, өзі сұрықсыз! Бұл – құстың жаманы!

Жаман адамды іздеу Уәзірлер тау етегінде қой бағып жүрген, үсті-басы алба-жұлба адамды көреді.

Барлығы бірге хан сарайына қарай жол тартты. Неге олай ойлайсың?

Сарайдағы сұрақ-жауап Хан сарайында уәзірлер жиналды. Хан таңырқап тұр.

Жаманның дәлелдері

Хан Жаманды жанына алып, оның ақылына сүйенетін болды. Осылайша, жаман дана адам болып шықты.

Ханнан рұқсат сұрап алып, тұлпарға мініп, есік алдындағы өзеннен әрі-бері өтті де, кайтып келіп...

Кешке жұрт орынға отырған соң, Жаман жайлап қыздың үйіне келеді. Есікті қағады. Есікті бір әсем келіншек ашады.

— Ол түрге жаман болғанмен қандай кісі екенін қайдан білесің? Мынаны алып барып бер, — деп жеңгесіне гауһар, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді. Жеңгесі ол заттарды апарып берген соң, Жаман қолына бұл заттарды алып қарап тұрады да: — Ойбай! Әлгі жаманың: «Мұның құралын әкел» дейді, — деп, жеңгесі қызға қайтып барады. Қыз:— Жарайды, — деп, жеңгесіне балға мен төс береді. Жаман балға мен төсті алған соң қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөледі, тәрелкені уатады, пышақты ортасынан сындырады, гауһар тасты қақ жарады.

Таң атқан соң Жаман қыздың үйінен шығып бара жатса, қарауылшылар оны ұстап, байдың балаларының қолына апарып береді. Бай балалары Жаманды дірдектетіп ханға апарады Жаман қыз берген заттарды көрсетіп, олардың мағынасын түсіндіреді: "Қайрақтай болып езілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып, басы кесілгенше сыр айтпаймын. Гауһар тас сияқты жарып, оны алам деп серт бердім. Сондықтан айтпадым." Хан таңырқап, ойланып қалады.

Хан Жаманның сөзінің шындығына көзі жетіп, ел жинап, отыз күн ойын, қырық күн тойын қылып, қызды Жаманға алып береді. Жаман тапқырлығымен ханға жағып, екеуі дос болады.

Хан: Менің тілегім орындалды. Ал, халық, мен де біраз хан болып, қызық көрдім. Ендігі хандығымды мынау досыма берем. Сіз де, енді тартынбаңыз, таққа сіз мінуге уақыт жетті, қалған өмірде сізге қызмет етіп, сіздің хан болған қызығыңызды көрейін, — деп, Жаманды қолтықтап әкеліп, хан тағына отырғызды. Елі отыз күн ойын, қырық күн тойын қылып, Жаманды ақ киізге салып, хан көтерді

Әр ханның адамдары өз елінен әділдік таппаса, бұған келіп, қосыла беріпті. Сол уақыттан бастап әділдігі үшін бес ханның елі Жаманға: «Аяз би» деп ат қойып, сол аты өле- өлгенше қалды дейді. Аяз би әділ болды. Тура билік етті кедейлерге қарасты.

Баяғы өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының мандайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тоны мен тымағына қарап: Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!