Ерте, ерте, ертеде емес… Күздің жайма шуақ бір күнінде Айару мен әкесі тауға бармақшы болды.
Әкесі мен айару тауға беттеген сайын алтын күз қысқа айналып бара жатты.
Айару әрдайым жаңа нәрсені зерттеуді ұнататын. Сондықтан тауға шыққанда әрбір өсімдік пен жануарды қызығып қарай бастады.
Әкесі Айарудың осы бір қасиетіне сүйсініп, бір жануар туралы әңгімені бастап кетті.
Біздің кең даламыз бен асқар тауларымызда бір ерекше жануар өмір сүргеді. Ол — қар барысы деп аталады.
Қар барыстары үшін биік таулардың арасындағы қарлы жартастар мен мұзды шыңдар — оның үйі саналады. Қар барысы адамдардан алыста, тыныштықты жақсы көріп өмір сүреді.
Жолда келе жатып, қыз кенеттен қардың үстіндегі үлкен іздерді байқап қалды. — Әке, қараңызшы! Бұл ненің ізі? — деп сұрады Айару. Әкесі жымиып: — Бұл қар барысының ізі болуы мүмкін, — деді. Айарудың көзі жайнап кетті. Қыз қар барысын көруді армандай бастады.
Әкесі мен Айару биік жартастың басынан қар барысын көрді. Алыстан суретке түсіріп алып, үйлеріне қайтты.
Бір күні Айару тауға қайта келді. Бұл жолы ол жалғыз еді.
Ол бір қауіпті нәрсені байқады. Жартастардың арасында бір топ адам жүр екен.
Олар жануарларға тұзақ қойып жатыр. Бұл — браконьерлер еді.
Айарудың жанына қар барысы келді. Барыс Айаруға өзі жайлы айтып берді. Қар барысының аты Аққұлақ екен.
Аққұлақ браконьерлерді көріп мұңаяды. Аққұлақ Айаруға — Міне осы себепті қар барыстары азайып кетті деді.
Сол кезде алыстан таутеке жүгіріп келе жатты. Ол таудың тік жартастарымен өте жылдам қозғалады екен. Айару мен Аққұлақ дауыстап ескертпекші болды.
Кенеттен таутеке жердегі қақпанды басып кетті. Жауыз адамдар қойған жасырын тұзаққа түсіп қалды.
Айару қатты алаңдап кетті. — Бұл дұрыс емес… — деді ол. .
Айару дереу орман қызметкерлеріне хабар берді. Көп ұзамай орманшылар келді.
Олар таутекені босатып, барлық тұзақтарды алып тастады. Сол күні көптеген жануарлар қауіптен құтқарылды.
Бірақ тауда тағы бір қиын күн болды. Кенеттен табиғат бұзылып, қатты боран басталды.
Жел күшейіп, қар ұша бастады. Айару жолынан адасып кетті. Боран күшейе түсті. — Енді не істесем болады? — деп қорқа бастады Айару. .
Сол кезде боранның арасынан бір таныс бейне көрінді. Бұл — Аққұлақ еді.
Қар барысы қыздың алдына түсіп, баяу жүре бастады. Айару оның соңынан ерді. Аққұлақ қызды үлкен жартастың астындағы қауіпсіз жерге алып келді.
Боран біртіндеп басылды. Аққұлақ: — Біздің жүніміз қалың — Сондықтан біз суыққа төзімдіміз. — Біз биік таулы жартастарда өмір сүреміз. — Сол жерлерде өзіміздіқауіпсіз сезінеміз.
Айару таңырқап тыңдап отырды. — Демек, сендер таудың нағыз тұрғындарысыңдар ғой! — деді ол. Аққұлақ жай ғана көзін жыпылықтатты.
Боран басылған соң, Айару үйіне оралды. Бірақ ол бір нәрсені жақсы түсінді. Табиғатты қорғау өте маңызды.
Сол күннен бастап Айару қар барысы туралы ғылыми жұмыс жасауды шешті. . Ол түрлі кітаптар оқыды, суреттер жинады.
Бір күні мектепте ғылыми жұмыстарды қорғау күні болды. Айару сыныптың алдында тұрды. Айару тақтағаүлкен суретті шығарды. Тақтада қар барысыныңәдемі суреті тұрды.
Айару: — Менің ғылыми жұмысымның тақырыбы «Қар барысы – Қазақстанда жойылып бара жатқан жануар».
— Қар барысы Қазақстанның биік тауларында өмір сүреді. Ол көбінесе Іле Алатауы, Тянь- Шань, Жоңғар Алатауы және Алтай тауларында кездеседі. Бұл жануар жартасты, қарлы әрі суық жерлерді жақсы көреді.
Қар барысының жүні қалың болғандықтан, ол қатты аяз бен боранға да төзімді. Ұзын құйрығы оған жартастардың арасында тепе- теңдігін сақтауға көмектеседі. Ал кең табандары қардың үстінде батпай жүруіне мүмкіндік береді. Сондықтан қар барысы биік таулардың нағыз патшасы деп аталады.
Қар барысы — өте сирек кездесетін жануарлардың бірі. Сондықтан ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біз табиғатты қорғап, қар барысын сақтауға көмектесуіміз керек.
Табиғатты бірге қорғайық.
СоныСоныСоныСоны,,,,Табиғатты сүйейік. Жануарларды қорғайық. Болашақты бірге сақтайық.
Бұл кітап кімдерге арналған? Бұл кітап мұғалімдерге, тәрбиешілерге және ата-аналарға балаларға табиғатты қорғауды қызықты әрі түсінікті түрде үйрету үшін дайындалды. Байланыс: Кітапқа тапсырыс беру немесе оқу материалдары туралы ақпарат алу үшін: 📞 87473470776 📱 Instagram: @mugalim_neuro Sayatkyzy даму орталығы 2026 ж