1 сынып

View 1 сынып flipbook.

1 “В” сынып оқушыларының даму жолындағы шағын кітапшасы 1 “В” сынып оқушыларының даму жолындағы шағын кітапшасы

⚡ Дара қабілеті: Дос табу Абай Айсұлтан Мінезі мен белсенділігі: Мінезі ашық, өте белсенді. Достарды тез табады және сыныптастарына үнемі ашық. Оқу қарқыны жақсы. Сабақ барысында үнемі қол көтеріп, өз ойын білдіруге асығады Даму аймағы: Ойы жүйрік, тапқыр. Оқу қарқыны жақсы, буындап оқиды. Қазіргі уақытта көркем жазу (каллиграфия) шеберлігін шыңдап келеді. Ұсыныс: Үйде саусақ моторикасына арналған жаттығулар жасау. Күнделікті 10-15 минут дәптерде асықпай жазу

⚡Дара қабілеті: мұқияттылық пен зейін Айбек Асима Мінезі мен белсенділігі: Өте ұқыпты, сабырлы. Тапсырмаларды орынында тыңғылықты орындайды. Оқу қарқыны жақсы, сөздерді буындамай , тұтас еркін оқиды. Даму аймағы: Терең ойланатын салмақты оқушы. Қазіргі уақытта өз ойын ортада еркін ашуды және сенімділігін дамытып келеді. Ұсыныс: Баладан өзі өте жақсы көретін ойыншығы, салған суреті немесе мультфильмі туралы айтып беруді өтіну. Өзіне таныс, ұнайтын тақырыпта бала жеңіл ашылады

⚡ Дара қабілеті: үлгілі тәртіп Акимжан Айтөре Мінезі мен белсенділігі: Мінезі өте салмақты, тәртібі үлгілі.Жүктелген тапсырманы әрқашан үнсіз, мұқият әрі зор жауапкершілікпен орындайдыДаму аймағы: Ынталы оқушы.Сөздерді буындап оқиды, қазіргі уақытта жатық әрі тұтас оқу шеберлігін шыңдап келеді. Ұсыныс: Үйде күнделікті 5-10 минут буындарды қосып, шағын сөздерді дауыстап оқу

⚡ Дара қабілеті:: жүйрік математика Алмуханбет Айзере Мінезі мен белсенділігі: Өте сергек, белсенді әрі зейінді. Математикалық есептер мен тапсырмаларды өте тез әрі жеңіл шығарады. Даму аймағы: Энергиясы жоғары, зерек оқушы. Қазіргі уақытта тапсырма орындау кезінде бір орында сабырмен отыруды және ұзағырақ шоғырлануды үйреніп келеді. Ұсыныс: Үйде белсенді қозғалыстан кейін 10-15 минут зейінді дамытатын мозайка, пазл құрастыру немесе сөздерді буындап оқу жаттығуларын жасау

⚡ Дара қабілеті: тез қабылдау дағдысы Айтбекова Батиха Мінезі мен белсенділігі: Өте мейірімді, ақкөңіл және зерек. Есептеу мен оқу қарқыны өте жақсы. Зейін қойған сәтте кез келген тапсырманы шапшаң орындап тастайды Даму аймағы: Қазіргі уақытта сабақ барысында назарын бөлетін артық заттарға алаңдамай, зейінін бір тапсырмада тұрақты ұстауды меңгеріп жүр Ұсыныс: Тапсырма орындау кезінде үстел үстінен алаңдататын заттарды алып тастау

⚡ Дара қабілеті: ортаға тез үйрену Амантай Дінмұхаммед Мінезі мен белсенділігі: Өте ашық- жарқын, көпшіл белсенді оқушы. Мектеп ортасына тез бейімделді. Оқу қарқыны жақсы. Даму аймағы: Ұйымшыл оқушы. Достық қарым- қатынас орнатуға өте белсенді атсалысады. Ұсыныс: Оқушының бойындағы осы қасиетті үнемі мақтап, топтық тапсырмаларда көшбасшылығын қолдап отыру

Даму аймағы: Қазіргі уақытта ортада жауап беру кезінде дауыс ырғағын сенімдірек, анығырақ шығаруды меңгеріп келеді Ұсыныс: Кішігірім жетістіктері үшін де мақтап, өзіне деген сенімділігін арттыру ⚡ Дара қабілеті: мейірімділік Ағыбай Сафия Мінезі мен белсенділігі: Өте мейірімді, ұқыпты оқушы. Тапсырмаларды асықпай, тыңғылықты орындайды. Оқу қарқыны жақсы, түсінбегенін мұғалімнен білуге ұмтылады.

⚡Дара қабілеті: сезімталдық Бегімбет Айша Мінезі мен белсенділігі: Ынталы оқушы. Өте нәзік.Үлкендердің жылы сөзі мен қолдауын ерекше бағалайды. Оқу қарқыны орташа. Жанында жеке бағыт- бағдар беріп, мақтап отырғанда тапсырмаларды ынтамен орындауға тырысады. Даму аймағы: Қазіргі уақытта тапсырмаларды мұғалімсіз,өз бетінше орындау дағдысын қалыптастырып келеді.Сонымен бірге әріптерді қосып, буындап оқуды және әріп элементтерін таза, көркем жазуды меңгеріп жүр Ұсыныс: Үйде тапсырманы бастап бергеннен кейін “сен өзің де өте жақсы жасай аласың” деп сенімділік ұялатып, өздігінен орындауына мүмкіндік беру, қол моторикасын дамыту

⚡ Дара қабілеті: сыпайылық Багдаулет Жазира Мінезі мен белсенділігі: Өте сыпайы, әдепті , жауапкершілігі жоғары оқушы.Тапсырмаларды әрқашан мұқият, тиянақты орындайды.Сыныптастарымен өте тез тіл табыса алады. Оқу қарқыны өте жақсы. Даму аймағы: Үлгілі оқушы. Қазіргі уақытта топтық тапсырмаларда көшбасшылық дағдыларын дамытып келеді. Ұсыныс: Баланың бойындағы осы әдептілік пен жауапкершілікті үнемі мақтап, үйде тапқырлықты талап ететін қызықты сұрақтар арқылы ойлау өрісін одан әрі кеңейту. Оқу құралдарын сақтайтын қауіпсіз орын бөлу.

⚡ Дара қабілеті: көпшілдік, ұқыптылық Дәурен Байжан Мінезі мен белсенділігі: Әр тапсырмаға баппен, зор жауапкершілікпен қарайды.Сапаға ерекше мән беріп, тыңғылықты орындайды.Оқу және жазу дағдылары өте жоғары.Қыздармен де, ұлдармен де тез тіл табысады.Айналасына жағымды энергия сыйлайтын ұжымшыл оқушы. Даму аймағы: Жұмысты асықпай, ұқыпты орындау әдетін сақтай отырып, тапсырмаларды орындау жылдамдығын біртіндеп арттыруды және уақытты тиімді пайдалануды үйреніп келеді. Ұсыныс: Жұмысының сапасы мен ұқыптылығын үнемі мақтай отырып, “осы тапсырманы 10 минутта аяқтап көрейікші” деген сияқты шағын, қызықты мақсаттар қою арқылы уақытты тиімді пайдалануға баулу.

⚡ Дара қабілеті: үлгілі тәртіп Ернатұлы Ильнар Мінезі мен белсенділігі: Тәртібі өте үлгілі, зерек әрі белсенді оқушы.Сабақ барысында үнемі қол көтеріп, өз ойын білдіруге асығады.Оқу қарқыны жақсы. Ұқыптылығының арқасында жазу шеберлігі күннен-күнге жақсарып, әріп элементтерін көркем жазуды меңгеріп келеді. Даму аймағы: Білімге деген құштарлығы жоғары. Қазіргі таңда оқу қарқыны мен сөздерді мүдірмей, буындап оқу дағдысын бекіту мен сауаттылық ырғағын шыңдауда. Ұсыныс: Сабақтағы белсенділігі мен жазудағы жетістіктерін мақтай отырып, суретті ірі әріппен жазылған қызықты кітаптарды күнделікті аз- аздан бақылаумен оқытып отыру

⚡ Дара қабілеті: батылдық Жумагалиева Алуа Мінезі мен белсенділігі: Өте батыл, ашық-жарқын, сыныптастарымен тез тіл табыса алатын бауырмал оқушы. Сабаққа ынтамен қатысады, оқу қарқыны өте жақсы, өз ойын еркін әрі сенімді жеткізе біледі. Даму аймағы: Зерек әрі пысық оқушы. Қазіргі уақытта сабақ барысында зейінін бір арнаға тұрақты шоғырландыруды және тапсырманы орындау кезінде асығыстыққа бой алдырмай, жазу сапасы мен ұқыптылығына баса мән беруді шыңдауда. Ұсыныс: Жылдамдықтан гөрі әріптерді көркем, таза жазуға көңіл бөліп, әрбір ұқыпты орындалған жұмысын мақтап, қолдап отыру.

⚡ Дара қабілеті: зеректік Жумадин Ералы Мінезі мен белсенділігі: Өте ашық-жарқын, зерек оқушы. Оқу және математика сабақтарында жоғары белсенділік көрсетеді: оқу дағдысы жоғары, сандарды еркін меңгерген. Танымдық қызығушылығы жоғары. Даму аймағы: Энергиясы мол, пысық оқушы. Қазіргі уақытта сабақ барысында зейінді бір арнаға тұрақты шоғырландыруды және қол моторикасын дамыта отырып, әріп элементтерін көркем әрі таза жазу дағдысын шыңдап келеді. Ұсыныс: Қол мотрикасын дамыту үшін күнделікті 5-10 минут сызықшаларды бастыру, сурет бояу.

⚡ Дара қабілеті: сабырлық Жұмабек Сафия Мінезі мен белсенділігі: Өте сабырлы, биязы , тәртіпті оқушы. Жеке қолдауды ұнатады. Жанына барып, бағыт- бағдар беріп, мақтап отырғанда тапсырмаларды асықпай, мұқият орындауға тырысады. Оқу қарқыны орташа. Даму аймағы: Қазіргі таңда білімін қадам-қадаммен тереңдетіп, өзі білетін әріптерден буын құрап, тұтас оқу дағдысын бекітуде.Сонымен бірге сабақ барысында өздігінен тапсырма орындауға деген сенімділігі мен белсенділігін біртіндеп шыңдап келеді. Ұсыныс: Үйде күнделікті өтілген әріптерден буын құрастырып, асықпай қосып оқуға жаттықтыру.

⚡ Дара қабілеті: үлгілі тәртіп Қабиден Айсезім Мінезі мен белсенділігі: Тәртібі өте үлгілі, әдепті әрі зерек оқушы. Сабақ барысында үнемі белсенділік танытып, тапсырмаларға ынтамен қатысады. Оқу дағдысы жақсы қалыптасқан Даму аймағы: Ынталы әрі жауапкершілігі жоғары оқушы. Қазіргі таңда қол моторикасын дамыта отырып, әріп элементтерін дәптер жолына сыйғызып, көркем әрі ұқыпты жазу дағдысын одан әрі шыңдап келеді. Ұсыныс: Үйде оқудағы жетістіктерін қолдай отырып, жазу сапасын арттыру үшін күнделікті 5–10 минут сызықшалар мен әріп элементтерін бастыру, суреттерді бояу

⚡ Дара қабілеті: жылдамдық Қадірқұл Раяна Мінезі мен белсенділігі: Өте тәртіпті, пысық әрі алғыр оқушы. Берілген тапсырмаларды әрқашан жылдам, ынтамен орындайды. Өтілген әріптердің барлығын жақсы таниды, сабақ барысында зейінді әрі жинақы. Оқу қарқыны орташа. Даму аймағы: Танымдық белсенділігі жоғары оқушы. Қазіргі таңда білетін әріптерінен буын құрап оқу дағдысын бекітуде. Сонымен бірге тапсырманы жылдам орындаумен қатар, әріп элементтерін таза, көркем әрі ұқыпты жазу шеберлігін шыңдап келеді Ұсыныс: Үйде күнделікті 10 минут өтілген әріптерден шағын буындарды қосып оқыту. Жазу сапасын арттыру үшін әріп элементтерін асықпай, көркем бастыру және сызықшаларды жүргізу, сурет бояу сияқты қол моторикасын дамыту жаттығуларын жасау

⚡ Дара қабілеті: үлгілі тәртіп Қанат НұралиМінезі мен белсенділігі: Өте сабырлы, биязы, тәртіпті әрі іштей жинақы оқушы. Сабақта салмақты, тыныш отырып тыңдайды. Өздігінен алғашқы болып ұмтылмағанымен, сұрақ қойған кезде бәрін біліп отырғанын көрсетеді. Мұғалімнің жеке бағыт- бағдары мен жылы қолдауын ерекше бағалайды.Оқу қарқыны жақсыДаму аймағы: Білімі жан-жақты, зерек оқушы. Қазіргі таңда бойындағы ұяңдықты жеңіп, сабақ барысында өз ойын сенімді әрі ашық айту дағдысын жүйелейді. Сонымен бірге қол моторикасын шыңдай отырып, әріп элементтерін көркем, ұқыпты жазуды меңгеріп келеді. Ұсыныс: Үйде баланың білімі мен кішкентай да болсын әрбір жетістігін мақтап, «сен бәрін білесің, батыл айта бер» деп өзіне деген сенімділігін арттыру.Жазу сапасын жақсарту үшін 5–10 минут әріп элементтерін бастыру, сызықтар жүргізу жаттығуларын орындау.

⚡ Дара қабілеті: батылдық Мағжанұлы Амир Мінезі мен белсенділігі: Өте сергек әрі белсенді оқушы. Қоршаған ортаны танып-білуге деген қызығушылығы өте жоғары. Түсінбеген немесе білгісі келген сұрақтарын мұғалімге жасқанбай келіп, анықтап сұрап алады. Оқу қарқыны жақсы. Даму аймағы: Сабақ барысында өз эмоциялары мен белсенділігін бақылауды, зейінді бір тапсырмаға ұзағырақ шоғырландыру дағдысын шыңдауда. Ұсыныс: Тапсырма орындау кезінде «зейін қою ережесін» сақтап, әрбір мұқият орындалған жұмысы мен жақсарған жазуын мақтап, қолдап отыру.

⚡ Дара қабілеті: сабырлылық Мәлікқызы Азалия Мінезі мен белсенділігі: Өте сезімтал, сабырлы, байсалды әрі іштей жинақы оқушы. Берілген тапсырмаларды әрқашан үлкен жауапкершілікпен және ерекше ұқыптылықпен орындайды. Табиғатынан сабырлы әрі байсалды болғандықтан, сыныптастарымен қарым- қатынаста асығыстық жасамай, айналаны байыппен бақылап әрекет етеді. Оқу қарқыны орташа Даму аймағы: Сөздерді буындап оқып, оқығанын түсіну дағдысын шыңдауда. Қазіргі уақытта сыныптастарымен жақынырақ араласып, ортада еркін ашылуға бейімделіп келеді. Ұсыныс: Үйде күнделікті буындап оқуды бақылауда ұстап, баланың әрбір сәтті қадамын мақтап отыру.

⚡ Дара қабілеті: зеректік Нұрбек Мирас Мінезі мен белсенділігі: Өте ақылды, зерделі әрі байсалды оқушы. Оқу қарқыны жақсы. Тапсырмаларды ынтамен тыңдап, сабақ барысында өз ойын білдіре алады. Даму аймағы: Танымдық қабілеті жоғары, зерек оқушы. Қазіргі таңда оқудағы жақсы қарқынын сақтай отырып, дәптердегі жазу сапасын арттыруды және жұмыстарын әрқашан таза, ұқыпты орындау дағдысын одан әрі шыңдап келеді. Ұсыныс: Үйде жазу тапсырмаларын орындау кезінде асығыстыққа жол бермей, әрбір әріп пен қосылысты жолға әдемі, таза түсіруге көңіл бөлу. Қол моторикасын дамытатын шағын жаттығулар мен көркем жазу элементтерін жүйелі түрде қайталап отыру.

Мінезі мен белсенділігі: Өте салмақты, биязы әрі сабырлы оқушы. Берілген тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарап, асықпай, әрбір детальға мұқият мән бере отырып, сапалы орындайды. Оқу қарқыны да өте жақсы. Өз ойын толық, жүйелі сөйлемдермен жеткізе алады ⚡ Дара қабілеті: салмақтылық Оралбай Махаббат Даму аймағы: Ішкі жинақылығы жоғары, оқуға ынталы оқушы. Қазіргі таңда оқудағы жақсы қарқыны мен білімін сақтай отырып, сабақ барысында өз ойы мен пікірін ашық, белсенді түрде білдіру дағдысын одан әрі шыңдауда Ұсыныс: Үйде оқудағы жетістіктерін үнемі қолдап, оқыған сұрақ-жауап, шағын әңгімелер бойынша еркін пікір алысып тұру

⚡ Дара қабілеті: үлгілі тәртіп Сапарбек Айсара Мінезі мен белсенділігі: Өте тәртіпті, әдепті әрі жауапкершілігі жоғары оқушы. Сабақ барысында тапсырмаларды дұрыс орындау үшін мұғалімнен әр нәрсені сұрап, анықтап отырады. Оқу қарқыны орташа, мәтінді асықпай, түсініп оқуға ұмтылады. Жұмысты таза орындауға ниет білдіріп, жазуын күн сайын жақсартуға тырысып жүр Даму аймағы: Ынталы әрі талапты оқушы. Қазіргі таңда оқу жылдамдығын біртіндеп арттырып, буындар мен сөздерді ырғақты оқу дағдысын бекітуде. Сонымен бірге дәптерге жазу кезінде әріп элементтерін көркем, таза әрі ұқыпты түсіру шеберлігін одан әрі шыңдап келеді Ұсыныс: Үйде күнделікті 10–15 минут шағын мәтіндерді дауыстап оқыту арқылы оқу қарқынын қалыптастыру.

⚡ Дара қабілеті: алғырлық Сайлау Әмір Әли Мінезі мен белсенділігі: Өте сергек, белсенді әрі зерек оқушы. Математика пәніне деген қызығушылығы жоғары, есептерді өте жақсы әрі жылдам шығарады. Дәптердегі жазуын айтарлықтай түзетіп, ұқыпты жазуға тырысып келеді. Оқу қарқыны жақсы Даму аймағы: Білімді игеруге ынталы. Қазіргі таңда оқу қарқынын жақсартумен қатар, мектептегі білімін бекіту үшін үй тапсырмаларын уақытында, жүйелі орындау әдетін қалыптастырып келеді Ұсыныс: Баланың есеп шығарудағы және жазудағы жетістіктерін мақтай отырып, сабақ барысында өз зейінін тұрақты ұстауға, сабырлы болуға ынталандырып отыру.

Мінезі мен белсенділігі: Өте тәртіпті, жинақы, әдепті әрі жауапты оқушы. Сыныптастарымен қарым- қатынасы өте жақсы. Барлық тапсырмаларды әрқашан уақытында, аса ұқыптылықпен орындайды. Оқу қарқыны жоғары. ⚡ Дара қабілеті: жауапкершілік Серік Айсана Даму аймағы: Оқуда да, тәртіпте де алдыңғы қатарлы оқушы. Қазіргі таңда қол жеткізген оң нәтижелерін сақтай отырып, сабақ барысында өз ойын кеңірек айту, сынып белсендісі ретінде көшбасшылық қабілеттерін шыңдау үстінде. Ұсыныс: Үйде оның ұқыптылығы мен тапқырылығын қолдай отырып, оқыған мәтіндері бойынша өз пікірін білдіруге, талдау жасауға баулу

⚡ Дара қабілеті: Үлгілі ақыл-ой мен ұқыптылық Сүбітай Жігер Мінезі мен белсенділігі: Ақылды, өте зерек, ұқыпты әрі жауапты оқушы. Жаңа материалды, мұғалімнің түсіндіргенін бір айтқаннан іліп алып, бірден түсінеді. Дайындығы мен қабілеті өте жоғары. Оқу қарқыны жылдам, тапсырмаларды сапалы әрі ұқыпты орындайды Даму аймағы: Жоғары көрсеткішке ұмтылатын талапты оқушы. Қазіргі уақытта тапсырма орындау кезінде кездесетін қиындықтарға сабырмен қарап, эмоционалдық тұрақтылық пен өзін-өзі демеу дағдысын шыңдауда Ұсыныс: Үйде сабақ орындау кезінде баланың әрбір қадамына қолдау көрсетіп, қателіктердің тәжірибе екенін айтып отыру

⚡ Дара қабілеті: үлгілі тәртіп Байбатыр Мәриям Мінезі мен белсенділігі: Өте салмақты, биязы, ұстамды әрі жинақы оқушы. Берілген тапсырмаларды әрқашан асықпай, үлкен жауапкершілікпен орындайды. Оқу қарқыны жақсы. Мінезі нәзік, айналасына сыпайылық танытатын үлгілі қыз. Даму аймағы: Қазіргі таңда оқу қарқынын біртіндеп арттырып, мәтінді сенімді, ырғақты оқу дағдысын шыңдауда. Сонымен бірге сабақ барысында жауап бергенде дауыс ырғағын аздап көтеріп, өз ойын ашық, сенімді жеткізуді үйреніп келеді. Ұсыныс: Баланың бойындағы ішкі сенімділікті арттыру үшін оның әдемі жазуын, сабырлы мінезін мақтап, көпшілік алдында еркін, дауыстап сөйлеуіне қолдау көрсетіп отыру