Конкурс 2026ж.
Конкурс 2026ж.
Жоба тақырыбы «ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ» «Арнайы білім берудің жаңашыл-педагогі» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ «М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық – ІТ жоғары колледжі» КМҚК Жобаны дайындаған: арнайы пән оқытушысы педагог – сарапшы Әділбаева Салтанат Мұхтарқызы Бағыты: «Бірге үйренеміз, бірге дамимыз: инклюзивті білім берудегі ынтымақтастық» Жоба түрі: Тәжірибеге енгізілген жоба
Инклюзивті білім берудің мақсаты барлық білім алушылардың, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар білім алушылардың, білім алуына тең мүмкіндік жасау. Бұл білім беру жүйесі әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін және қажеттіліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыруды көздейді.
Инклюзивті білім берудің артықшылықтары Әлеуметтік дағдыларды дамыту Топтық жұмысқа үйрету Әртүрлілікті қабылдау
Барлық адамдар құқығының теңдігі; Адамдарды шектеудің болмауы; Барлық білім алушыларды білім беру ұйымдарына қабылдау; Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды әлеуметтендіру; Оқыту үдерісіне ата-аналарды қатыстыру; Арнаулы білім беру жағдайын жасау; Пәнаралық бағытты қалыптастыру (педагогтар, ата-ана, логопед, психолог, дефектолог, т.б. мамандықтардың өзара әрекеттестігі Өзгелермен қарым-қатынасқа және өзіне деген сенімділікке үйрету. Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ЖӘНЕ ЖЕКЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 1.Білім алушы туралы жалпы мағлұмат. 2. Білім алушының жиынтық сипаттамасы. 3.Білім алушының ерекше білім беру қажеттіліктері және оларды қанағаттандыру үшін арнайы жағдайлар жасау. 4. Оқытушыға ұсыныстар. 5. Ата-аналарға ұсыныстар. 6. Білім алушының жеке оқу жоспары. 7. Білім алушыға арналған пәндер бойынша қысқартылған (бейімделген) / жеке оқу бағдарламалары. 8.Психологтың жеке және кіші топтық сабақтарының бағдарламасы. 9.Логопед-мұғалімнің жеке және топтық сабақтар бағдарламасы. 10.Арнайы педагогтің жеке және топтық сабақтар бағдарламасы. 1. ҚР Білім туралы заң Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. 01.09.2024ж. 2. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы. 01.07.2023ж.
ЖЕКЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Педагогтер сабақ жоспарлау барысында білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескеруі керек. Педагог сабақты жоспарлауда ЕҚБ бар білім алушыға арналған жеке оқу бағдарламасында көрсетілген мазмұнды назарда ұстайды.
Көмекші материалдар Дидактикалық құралдар Бөлме жиһазы Көлік құралдары Байланыс құралдары
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ 1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылыстары бар білім алушылар: көру, есту, сөйлеу бұзылыстары, зияты, тірек-қозғалыс аппараты, психикалық дамуы кеш және эмоционалды-ерік- жігер аясы зақымдалған балалар. 2 - топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез- құлық және эмоциялық проблемалары бар білім алушылар. 3 - топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын білім алушылар.
1 деңгей - Бағалау мен қолдауды тікелей оқытушы жүзеге асырады. Оқытушы бірінші болып қалыптастырушы бағалау барысында оқудағы қиындықтарды анықтайды. Мұндаға оқытушының міндеті – қиындықтардың сипатын, олардың пайда болу себептерін өз бетінше анықтау, білім алушының біліміндегі олқылықтарды анықтау. Оқытушы алынған ақпарат негізінде жеке тәсілдемені қолдана отырып, сабақта білім алушыға қолдауды ұйымдастырады. 2 деңгей - Қажеттіліктерді бағалау мен қолдауды тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының командасы (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог) жүзеге асырады. Білім алушының мамандардың көмегіне қажеттілігін бағалауды жүргізу үшін білім алушының ата-анасының жазбаша келісімін алу қажет. 3 деңгей – Білім алушының қажеттілігін бағалау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) мамандарымен анықталады. ПМПК-ның шешімі негізінде, білім алушының қажеттілігін бағалау нәтижелері бойынша дефектолог педагогтың, педагог- ассистенттің көмегі, келесідей білім алу нұсқалары ұсынылуы мүмкін: тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беру сыныбында, арнайы сыныпта, арнайы мектепте. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ЖӘНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІ БАҒАЛАУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 1 Білім алушының ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау 2 Педагогтер тарапынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының отбасына консультативтік-әдістемелік көмек көрсету 3 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды табысты оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау
Колледждің кіреберіс жерлерінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустар және сары жолақты белгілер, көру қабілеті нашар адамдарға тактильді жапсырмалар орнатылған.
Диагноз: Психологиялық кеш даму
Диагноз: Психологиялық кеш даму
Таңертең сабаққа келгенде оған ерекше қарым - қатынас танытып, көңіл – күйін бақылаймын.
Инклюзивті топтағы балдарды әлеуметтендіру мақсатында әр топтағы оқушылармен «Жақсы көңіл күй жанға қуат», «Жүрек жылуы» т.б. тренингтер іс шаралары өткізілді.
Тапсырманы әр білім алушыға өзіне тән жұмыс қарқынымен орындауға мүмкіндік беріңіз. Жұмыс көлемі біртіндеп артып, білім алушының жеке жұмыс қарқынына сай берілуі тиіс. Білім алушының жұмыс қарқынын дараландыру - білім алушының колледждегі психологиялық жайлылығының қажетті шарты. Дараландыру топтық жұмысты ұйымдастыруға ықпал етуі мүмкін. Білім алушыларда өзін-өзі бағалауды қалыптастыру үшін топ құрамын өзгертіп отыруды ескеру қажет. Сабақта жұмыс түрлері мен формаларын үнемі өзгертіп отыру баланың мазасыздығын жеңілдетуге, барлық білім алушылардың зейінін арттыруға мүмкіндік береді. Барлық дерлік білім алушылар өз әрекеттерінің ретін дауыстап айтуы керек. Басқаларға кедергі келтірмеу үшін білім алушыларды жай, ақырын сөйлеуге, сыбырлап сөйлеуге үйретіңіз. Білім алушының танымдық іс-әрекетке деген табиғи қажеттілігін ұстану маңызды және баланы мәжбүрлемеу керек. Білім алушыларға өздері қызығып орындайтын тапсырмаларды жиі ұсыну қажет. ИНКЛЮЗИВТІ ТОПТА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Дөңгелек үстел «Менің қоршаған ортам»
Цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы білім алушымен жеке жұмыс жүргізу
LearningApps және AR/QR ресурстары арқылы студенттің кәсіби дағдысын қалыптастыру
Түзету-дамыту жұмыстары «Мен және менің отбасым»
Психологиялық қолдау: Баланың психологиялық және эмоционалдық қажеттіліктерін ескеру, оларға қолдау көрсету.
ЖЕКЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ Білім алушылар жеке көмекті қалай ала алады? Топта қандай-да бір тапсырманы орындап жатқанда, оқытушы бір немесе екі баламен жеке жұмыс істей алады, олармен сабақтың белгілі бір материалын бекітеді немесе оларға тақырыпқа байланысты жеке тапсырманы орындауға көмектеседі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар басқа білім алушылармен бірге жұпта жұмыс істей алады. Басқа білім алушылар өз тапсырмаларын аяқтағаннан кейін, жұптарына қолдау көрсетіп, көмектеседі. Білім алушылары ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға көмектесуге дайын болуы мүмкін. Бұл әлеуметтік көмек курсының бір бөлігі аясында жүргізілуі мүмкін. Оңалту орталықтарының қызметкерлері жеке қолдаудың тағы бір көзі болып табылады. Олар баланы және оның отбасын бұрыннан білетіндіктен, бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өз көмектерін бере алады.
Сабақтарға қажетті арнайы сайттар мен платформалардағы әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, баланың психолгиялық ой қабілетін дамыту жұмыстарын жасаймыз.
Өндірістік оқу кезінде практикалық сабақтарға қатыстырып, қоғамға бейімдеу.
Облыстық жастар денсаулық орталығындағы дәрігер және психолог мамандармен кездесу.
Қорытынды: Инклюзивті білім беру — бұл тек білім беру жүйесінің өзгерісі емес, сонымен қатар қоғамның мәдениеті мен құндылықтарының өзгерісі. Біз әрбір білім алушының құқықтарын құрметтеп, олардың дамуына қолдау көрсете отырып, келешекте өз нанын табатындай қоғамға бейімдеуміз керек.
